ПСЖ Чемпиондар лигасының екінші финалисі атанды

img 5599 scaled

Фото: Getty Images

 

7-8 мамыр түні Парижде Чемпиондар лигасының жартылай финалының қарымта матчы өтті. «Парк де Пренс» стадионындағы ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Қос матчтың қорытындысы бойынша (3:1) ПСЖ финалға жолдама алды.

27-минутта Фабиан Руис есеп ашып, Чемпиондар лигасындағы алғашқы голын салды. 67-минутта Витинья пенальтиден мүлт кеткенімен, араға көп уақыт салмай Хакими есепті 2:0-ге жеткізді. «Арсенал» үмітін Букайо Сака қайта жақты (76-минут), бірақ ол тағы бір тамаша мүмкіндікті пайдалана алмай қалды.

Енді париждіктер финалда «Интермен» кездеседі. Маусымның шешуші ойыны 31 мамырда Мюнхендегі «Альянц Аренада» өтеді. Бұл Чемпиондар лигасы тарихындағы 70-ші маусымның басты финалы болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді