«Оклахома» тарихта тұңғыш рет чемпион атанды

Оклахома

Фото: Getty Images

«Оклахома-Сити Тандер» командасы өз алаңында өткен шешуші жетінші ойында «Индиана Пэйсерсті» жеңіп, NBA чемпионы атанды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Кездесу 103:91 есебімен аяқталды. Бұл – клуб тарихындағы алғашқы чемпиондық, қазіргі атаумен.

Ойынның басты кейіпкері – Шей Гилджес-Александр. Ол 29 ұпай жинап, 12 нәтижелі пас беріп, дабл-дабл тіркеді. «Индианадан» ең көп ұпай жинаған – Беннедикт Матурин (24 ұпай, 13 рет доп қағып алды). Алайда бірінші ширекте жарақат алып, алаңнан кеткен Тайрис Халибертонның жоқтығы қонақтардың ойынына әсер етті.

Серия 4:3 есебімен «Оклахоманың» пайдасына аяқталды. Бұған дейін бұл клуб тек 1979 жылы – «Сиэтл Суперсоникс» атауымен чемпион болған. 2008 жылы клуб Оклахомаға қоныс аударып, атауын өзгерткен еді.

Ал «Индиана» болса әлі күнге дейін NBA-да жеңімпаз атанбаған командалардың бірі. 1967 жылы құрылған бұл клубтың чемпиондық арманы тағы кейінге қалды.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру