Өзбектер тарихта қалды: әлем чемпионатына жолдама алды

Сборная Узбекистана

Фото: BCC

АҚШ, Канада және Мексикада өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне Өзбекстан құрамасы да жолдама алды. Өзбектер іріктеуде А тобында ойнаған. Бұл топта Иран, Қатар, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Солтүстік Корея құрамалары болды.

5 маусым күні өткен 9-тур аясында Өзбекстан құрамасы сырт алаңда тікелей бәсекелесі – БАӘ командасына қарсы ойнады. Тең ойын өзбектерге жеткілікті еді. Кездесу 0:0 есебімен аяқталды.

Осы нәтижеден кейін Өзбекстан құрамасы топтағы екінші орнын сақтап қалды және әлем чемпионатына шығатыны анықталды. Олар іріктеу кезеңі аяқталмай тұрып жолдама алған үшінші азиялық құрама атанды. Бұған дейін Жапония мен Иран да финалдық кезеңге өткен еді.

2026 жылғы әлем чемпионатына тұңғыш рет 48 құрама қатысады. Турнирге жолдама алғандардың қатарында Аргентина мен Жаңа Зеландия да бар.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін