Нұрғожай жазда UFC-де қайта жекпе-жекке шығуға дайын

Дияр Нургожай. Фото: Zuffa LLC
UFC-де жартылай ауыр салмақта сынға түсетін қазақстандық файтер «Спорт Шредингерге» берген сұхбатында қазіргі дайындық барысы мен октагонға оралуға қатысты жоспарын бөлісті. Оның айтуынша, шілде айының соңы не тамыз айында айқасуға дайын. Бірақ шешімді ұйымның өзі қабылдайды.
Нұрғожай UFC-мен келісімшартты 2024 жылдың қазанында, Dana White’s Contender Series турниріндегі жеңістен кейін жасаған. Бұған дейін ол Хабиб Нурмагомедов құрған Eagle FC ұйымының чемпионы болған.
UFC-дегі алғашқы айқасын ол 2025 жылдың 16 наурызында Лас-Вегаста өткізіп, бразилиялық Брендсон Рибейродан жұлқыма әдіспен жеңіліп қалған еді. Ал Рибейро енді 7 маусым күні UFC 316 турнирінде жеңілмеген ресейлік Азамат Мурзақановпен (14-0) кездеседі.