NAIZA 73: Багдат Жұбаныш пен Қазбек Сағын қайта қолғап түйістіреді

NAIZA

Фото: NAIZA

NAIZA 73 турнирінің басты оқиғасы ретінде Багдат Жұбаныш (6–1, 3 KO/TKO, 2 SUB) пен Қазбек Сағынның (6–0, 2 KO/TKO, 2 SUB) көптен күткен реваншы өтеді. Алғашқы кездесуде Сағын жеңіске жеткен еді, содан кейін жанкүйерлер қос спортшының қайта жұдырықтасуын сұрап келген.

Бұйыртса, бұл жолғы айқас 55 келіге дейінгі аралық салмақта өтеді. Екеуі де жоғары деңгейде дайындалып, тартысты жекпе-жек көрсетуі әбден мүмкін.

Кештің екінші басты жекпе-жегінде тәжікстандық жас проспект Бежан Ходжалиев (2-0, 1 KO/TKO) әлемдік рейтингтің көшбасшысы Нован Каунангпен (12-2, 2 KO/TKO, 4 SUB) күш сынасады. Бұл кездесудің жеңімпазы чемпиондық белбеу үшін таласуға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар, турнирде Абылайхан Шаратов (3-0, 1 KO/TKO, 2 SUB), Alash Pride чемпионы Ансар Қасымжанов (4-1, 1 KO/TKO) және ауыр салмақтағы тәжірибелі спортшы Сергей Зубков (4-6, 2 KO/TKO, 2 SUB) өнер көрсетеді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру