Михаил Шайдоров төрт құрлық чемпионатында топ жарды

Михаил Шайдоров

Михаил Шайдоров

Ерлер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Сеулде (Оңтүстік Корея) өткен төрт құрлық чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Шайдоров қысқа бағдарламадан кейін көш бастап тұрған еді. Еркін бағдарламада да жақсы өнер көрсетіп, басымдығын сақтап қалды. Төрешілер қазақстандық спортшының еркін бағдарламасына 190,37 балл берді. Екі бағдарлама қорытындысы бойынша Шайдоров 285,10 балл жинап, жеке рекордтарын жаңартты.

Күміс медальді 265,02 балл жинаған оңтүстіккореялық Ча Джун Хван иеленді. Қола жүлде 245,01 баллмен америкалық Джимми Маға бұйырды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Диас Жиренбаев 166,34 балл жинап, жарысты 19-орынмен аяқтады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 23:26 Күрес
Әділет Алмат Линцтегі дзюдодан Гран-при турнирінде алтын медаль жеңіп алды
07 Мар - 21:03 Басқа
Монреальдағы әлем чемпионатына Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 19:53 Басқа
Асылхан Асан фристайл-акробатикадан Еуропа кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды
07 Мар - 17:35 Басқа
Надежда Морозова конькимен жүгіруден әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
07 Мар - 14:52 Басқа
Милад Карими Бакудегі әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
07 Мар - 13:05 ММА
Закир Найманбаев Power Slap лигасында үшінші жеңісіне жетті
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін