Манел Капе Асу Алмабаевпен болған даулы сәтке қатысты пікір білдірді

UFC Fight Night 253
Анголалық файтер Манел Капе UFC Fight Night 253 турнирінде Асу Алмабаевпен өткен жекпе-жектегі даулы сәт туралы айтты. Екінші раундта ол қарсыласының көзіне абайсызда саусағын тигізген болатын.
— Бұл менің емес, рефери жұмысы. Мен ол кезде ештеңе көрген жоқпын. Төреші мұндай жағдайларға мұқият қарауы керек деп ойлаймын.
Октагонда небір қиындықты бастан өткердім, сондықтан бұл сәт жайлы нақты ештеңе айта алмаймын. Бірақ Асу бәрін анық көріп тұрды, жекпе-жекті жалғастыра берді. Егер ол расымен көзін аша алмай, күресе алмай тұрғанын көрсем, рефери уақыт беруі үшін өзім сұраған болар едім. Бірақ ондай ештеңе байқамадым, сондықтан айқасты жалғастыра бердім, — деді Капе MMA Fighting басылымына берген сұхбатында.