Майк Тайсон өзін тарихтағы ең ұлы боксшы деп санайды

Майк Тайсон

Фото: CNN

Ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы, аты аңызға айналған америкалық Майк Тайсон өзін әлемдегі ең үздік боксшы деп есептейді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

59 жастағы Тайсон бұл ойын Шакил О’Нил жүргізетін YouTube-арнадағы сұхбатында білдірді. «Ең мықты боксшы кім?» деген сұраққа ол: «Мен», — деп нақты жауап берді. Майк – Халықаралық бокс Даңқ залына енген спортшылардың бірі әрі рингтегі жарқын тұлға ретінде тарихта қалды.

Ол кәсіпқой бокстағы жолын 1985 жылы бастап, 2024 жылы аяқтады. Жекпе-жек қоржынында — 50 жеңіс (оның 44-і нокаутпен), 7 жеңіліс және 2 жарамсыз деп танылған кездесу бар.

Бұған қоса, Тайсон 1982 жылы АҚШ-тың жасөспірімдер арасындағы ауыр салмақ чемпионатының жеңімпазы атанған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру