Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
«Алтын допты» сегіз рет жеңіп алған Лионель Месси болашақта әлемдік футболдың жұлдызына айналуы мүмкін он жас футболшы мен футболшы қызды таңдады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Аргентиналық футболшы бұл тізімді Adidas компаниясына арналған бейнероликте таныстырды. Оған Еуропа мен Америка клубтарының өкілдері енді. Мессидің таңдауы арасында ересектер футболында өзін көрсетіп үлгерген ойыншылар да, жастар футболының болашағынан үміт күттіретін өкілдері де бар.
Месси таңдаған болашақ жұлдыздардың тізімі:
Макс Доуман – Англия, «Арсенал», 16 жаста.
Хлоя Сарви – Англия, «Челси», 17 жаста.
Завьер Гозо – АҚШ, «Кристал Пэлас», 19 жаста.
Томас Аранда – Аргентина, «Бока Хуниорс», 19 жаста.
Хильберто Мора – Мексика, «Тихуана», 17 жаста.
Джан Узун – Түркия, «Айнтрахт», 20 жаста.
Кес Смит – Нидерланды, АЗ, 20 жаста.
Хесус Родригес – Испания, «Комо», 20 жаста.
Лотта Вреде – Германия, «Гамбург», 18 жаста.
Джованна Ваксман – Бразилия, «Лион», 17 жаста.


