Конор Макгрегор келесі жекпе-жекке келісім бергенін мәлімдеді

Конор Макгрегор
UFC-дің бұрынғы екі салмақтағы чемпионы Конор Макгрегор келесі жекпе-жекке келісім бергенін хабарлап, кейін бұл туралы жазбасын әлеуметтік желіден өшірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол қарсыласының аты мен айқас өтетін уақытын жариялаған жоқ.
Макгрегор X әлеуметтік желісіндегі парақшасында өзіне қарсылас пен жекпе-жек күні ұсынылғанын және оған келісім бергенін жазған. Алайда біраз уақыт өткен соң бұл жазбаны өшірді. Бұл жағдай оның октагонға қайта оралуы мүмкін деген пікірлерді күшейтті.
Ирландиялық спортшы соңғы рет 2021 жылдың шілде айында UFC 264 турнирінде жекпе-жек өткізді. Ол Дастин Порьеге қарсы кездесуде ауыр аяқ жарақатын алып, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңілген еді. Содан бері ММА ережесі бойынша ресми айқасқа шыққан жоқ.
Кәсіби мансабында Конор Макгрегор 22 рет жеңіске жетіп, алты рет жеңілген. Ол UFC тарихында бір мезгілде екі салмақта чемпиондық белбеуге ие болған алғашқы спортшы ретінде тіркелген.
Олимпиада-2026: мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина қысқа бағдарламада 12-орын алды
Тимофей Скатов Лилльдегі «челленджер» турнирін аяқтады
