Карлос Алькарас сүйікті футболшыларын атады

Карлос Алькарас

Фото: Getty Images

Әлемнің бірінші ракеткасы Карлос Алькарас блиц-сауалнамаға қатысып, әртүрлі елдердің сүйікті футболшыларын атады, олардың қатарында Лионель Месси, Криштиану Роналду және Зинедин Зидан бар, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Сұхбат барысында испаниялық теннисшіге әр ел бойынша үздік ойыншыларды атау ұсынылды.

Жауап беру кезінде Алькарас кейбір жағдайларда таңдау жасау қиын болғанын атап өтті. Оның айтуынша, көптеген футболшылар жоғары деңгей көрсетіп жүргендіктен, бір ғана ойыншыны бөліп көрсету әрдайым оңай емес.

Аргентина туралы сұраққа ол бірден Лионель Мессиді атады. Италия ойыншылары арасында Джанлуиджи Буффонды таңдады. Португалиялық футболшылардан Криштиану Роналдуды атап өтсе, ағылшын ойыншыларының ішінен қазіргі футболшыларды негізге ала отырып, Джуд Беллингемді таңдағанын айтты.

Бразилия футболшылары туралы сұраққа ол бірден бірнеше есімді атады: Неймар, Винисиус, Роналдо және Роналдиньо. Франциядан Зинедин Зидан аталды. Ал Испания мен Германия ойыншылары туралы сұрақтарға нақты жауап бермей, бұл елдерде жоғары деңгейдегі футболшылардың көп екенін жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру