Карина Магрупова әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалына шықты

1752820957

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда.

18 шілдеде әртістік жүзуден жарыстар басталды. Бұл сында Қазақстан атынан Карина Магрупова өнер көрсетті.

Отандасымыз техникалық соло бағдарламасы бойынша 232.2050 ұпай жинап, 12 орынға жайғасты. Осылайша, Карина Магрупова финалда бақ сынайды.

Айта кетейік, финалдық сайыс 19 шілдеде өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру