«Канело» Головкин мен Биволды ең үздік қарсылас деп атады

Әлемнің бұрынғы абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альварес өзінің мансабындағы ең мықты қарсыластары туралы айтып, Геннадий Головкин мен Дмитрий Биволды ерекше атап өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Головкинмен үш рет рингке шыққан мексикалық боксшы қазақстандық қарсыласына ең жоғары баға — «ондық» қойған. Оның айтуынша, «Головкин – жан-жақты, мықты және рингтегі ойлау жүйесі жоғары деңгейдегі спортшы».

Альварес сондай-ақ ресейлік Дмитрий Биволға да «10» деген баға берді. Ол Биволдың да бар қасиетімен толыққан чемпион екенін айтты. Бұдан бөлек, мансабының басындағы ең қиын қарсыластардың бірі ретінде Эрисланди Лараны атады.

Флойд Мэйвезер туралы сұралғанда, «Канело» аз-кем ойланып, жымиып: «10-ның 10-ы. Мұнда ештеңе түсіндірудің қажеті жоқ», – деп қысқа жауап берді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 13:22 Бокс
Өзбекстанның этникалық қазағы енді Қазақстан намысын қорғайды
28 Янв - 20:05 Бокс
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді