Кака: «Италияны бағаламауға болмайды, бірақ біз дайын боламыз»

Қазақстан футзал құрамасының бас бапкері Кака Еуро-2026 жарысына іріктеудегі Италиямен өтетін плей-офф кездесуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Италия соңғы әлем чемпионатына қатыспаса да, бұл өте мықты құрама екені бәріне белгілі. Құрамында тәжірибелі ойыншылар бар. Италия құрамасы футзалдағы әлемдік көшбасшы ретіндегі орнын қайта иеленгісі келеді. Сондықтан алда бізді өте тартысты кездесу күтіп тұр.

Сегіз команданың ішінен Қазақстан мен Италияның бір жұпқа түскені көпшілікті таңғалдырды. Бұл кездесуге өте мұқият дайындаламыз. Өйткені бұл жұптың жеңімпазы Еуропа чемпионатына жолдама алады.

Кез келген команданың немесе бапкерлік штабтың пікірін сұрасаңыз – бәрі қарымта ойынын өз алаңында өткізген дұрыс дейді. Бұл тұрғыдан алғанда, қарымта кездесудің өз жерімізде өтетіні – психологиялық және менталдық тұрғыдан үлкен артықшылық. Бірақ бұл бізді алғашқы матчта жеңіске жету міндетінен босатпайды», – деді Кака.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді