«Кайраттың» жас шабуылшысы Еуропа мен Ресей клубтары қызығушылық танытуда

Исмаил Бекболат

Исмаил Бекболат. Фото: kff.kz

«Кайрат» пен Қазақстанның жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы Исмаил Бекболат биыл жазда шетелдік клубтардың біріне ауысуы мүмкін. Былтырдан бері Еуропа мен Ресей скауттарының назарына іліккен 17 жастағы шабуылшыға қазір нақты қызығушылық байқалып отыр.

Исмаил биылғы маусымды сәтті бастап, «Кайрат» сапында бес ойынға қатысып үлгерді, көбінесе алаңға қосалқы құрамнан шықты. Сондай-ақ, «Кайрат-Жастар» командасында үш матч өткізіп, екі гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Бірақ оның басты жетістігі – жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі ойындары. Грузия қақпасына бір гол соғып, Литваға қарсы хет-трик жасады. Жалпы, ұлттық құрамада тоғыз ойын өткізіп, бес голдың авторы атанды.

«Кайратта» Исмаилдың болашағына үлкен сенім артады. Клуб өкілдері оны Дастан Сатпаевпен салыстырып, ерекшелігі – сол аяқпен ойнауы екенін айтады. Биыл «Кайрат» шетелге тағы бір талантын сатуы мүмкін. Бұған дейін клуб «Челсиге» Сатпаевты рекордтық келісімшартпен сатқан болатын.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді