«Кайрат» тарих жазуға жақын: Чемпиондар лигасының үшінші кубогы қол созым жерде

Кайрат

Фото: Новое Поколение

Алматылық «Кайрат» футзалдан Чемпиондар лигасы финалына жолдама алып, енді тарихқа енуге бір қадам қалды. Команда финалда Испанияның «Пальма» клубымен кездеседі. Егер жеңіске жетсе, «Кайрат» Испаниядан тыс алғаш болып турнирде үш мәрте топ жарған клуб атанбақ.

Бұған дейін «Кайрат» бұл кубокты 2012/13 және 2014/15 маусымдарында жеңіп алған еді. Енді Марлон Веласко баптайтын ұжым үшінші рет кубокты қанжығасына байлауға дайындалып жатыр. Финал 4 мамыр күні Францияның Ле-Ман қаласында өтеді.

Жартылай финалда «Картахена» клубын жеңген соң, Веласко ойыншылардың жанкештілігін атап өтіп, олардың ойынын дерлік мінсіз деп бағалады. Сол күні үшінші орын үшін матчта «Картахена» мен «Спортинг» кездеседі.

Айта кетейік, «Спортинг» сапында бұрынғы «Кайрат» пен Қазақстан құрамасының ойыншысы Тайнан өнер көрсетеді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді