«Кайрат» шабуылшысынан айырылды: Жоао Пауло жарақат алды

Жоао Пауло

Жоао Пауло. Фото: vesti.kz

Алматылық «Кайраттың» бразилиялық шабуылшысы Жоао Пауло ауыр жарақат алып, ұзақ уақытқа алаңнан тыс қалатын болды. Vesti.kz дерегінше, футболшы тізесіндегі айқыш сіңірлерін үзген. Енді тәжірибелі ойыншыны ұзақ оңалу кезеңі күтіп тұр. Жасына қарай, оның «Кайраттағы» болашағы бұлыңғыр, тіпті мансабын аяқтауы мүмкін деген әңгімелер бар.

Айта кетсек, бұған дейін де команда Элдер Сантананың жарақатына байланысты шабуылда бір ойыншысынан айырылған еді. Сол себепті клуб жазда жаңа форвард іздеуге кіріспек.

Осы маусымда Жоао Пауло бес ресми матч өткізіп, бір гол соқты. Жалпы, ол «Кайрат» сапында 112 ойынға қатысып, 47 гол мен 24 нәтижелі пас берген. Бразилиялық шабуылшы алматылық клубпен бірге Қазақстан чемпионатын, Кубогын және Суперкубогын жеңіп алған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 18:31 Футбол
Гвардиола Англияда екі матчқа шеттетілді
08 Мар - 12:54 Футбол
Самородов CIES нұсқасы бойынша Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр