Иван Дычко алғашқы раундта-ақ жеңіске жетті

Иван Дычко

АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде қазақстандық Иван Дычко америкалық Самуэль Кросседпен жұдырықтасты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жекпе-жек ұзаққа созылған жоқ — Дычко алғашқы раундта-ақ техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл нәтижемен ол жеңіліссіз сериясын 15 жекпе-жекке жеткізді.

Иван осы күнге дейінгі 15 жеңісінің 14-ін нокаутпен аяқтаған. Ал Самуэль Кроссед үшін бұл — кәсіби мансабындағы бесінші жеңіліс. Оның еншісінде 11 жеңіс бар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру