Испания Аргентинаны жеңіп, әлем чемпионы атанды

Фото: FIFA
Испания құрамасы ӘЧ-2026 финалында Аргентинаны жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
АҚШ-тың Ист-Рутерфорд қаласындағы «Метлайф» стадионында өткен финалдық кездесу қосымша уақыттан кейін Испанияның 1:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Негізгі уақытта есеп ашылған жоқ. Испания ойын тізгінін өз қолында ұстап, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, Аргентина қақпашысы Эмилиано Мартинес бірнеше мәрте командасын құтқарып отырды. Жеңіс голын 106-минутта Нико Уильямстың пасынан кейін Ферран Торрес соқты.
Аргентина матч бойы қорғанысқа басымдық беріп, қарсылас қақпасына өте сирек қауіп төндірді. Негізгі уақытта аргентиналықтар бірде-бір ресми соққы жасай алмады, ал алғашқы дәл тіркелген соққы тек 117-минутта орын алды. Кездесудің соңғы минуттарында Лионель Скалони шәкірттері таразы басын теңестіруге тырысқанымен, есеп өзгерген жоқ.
Осылайша, Испания 2010 жылдан кейін екінші рет әлем чемпионы атанды. Ал 2022 жылғы әлем чемпионы Аргентина бұл жолы күміс жүлдемен шектелді.



