Холлоуэй Порьені жеңіп, трилогияны өз пайдасына шешті

Макс Холлоуэй

Фото: Zuffa LLC

UFC 318 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Макс Холлоуэй (27-8) Дастин Порьені (30-10) жеңіп шықты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жеңіл салмақтағы BMF белбеуіне арналған кездесу 19 шілдеде Жаңа Орлеанда өтіп, төрешілердің бірдей шешімімен (48-47, 49-46, 49-46) Холлоуэйдің пайдасына аяқталды.

Бұл қос файтердің үшінші кездесуі болды. Бұған дейін Порье екі рет жеңіске жеткен еді. Алайда бұл жолы Холлоуэй басынан бастап қарқынын жоғалтпай, жекпе-жекті толық бақылауда ұстады.

Бұл кездесу Порьенің мансабындағы соңғы жекпе-жек болды. 36 жастағы спортшы UFC-дегі жолын 30 жеңіс, 10 жеңіліс және 1 тең нәтижемен аяқтады. Ал Холлоуэй жеңістен кейін дивизиондағы үздіктер қатарына қайта оралып, чемпиондық белбеуге бір қадам жақындады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру