Грек-рим күресінен ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

Конысбек Токенов

Конысбек Токенов. Фото: Kazsports.kz

Қонысбек Төкенов грек-рим күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz. Бұл туралы бұйрыққа ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин қол қойды.

Ұлттық команданы осыған дейін басқарған Юрий Мельниченко енді бас бапкердің кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады. Оның жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатында бір күміс медаль (Ержет Жарлықасын) иеленіп, Париж Олимпиадасына (Демеу Жадыраев) жолдама алған еді.

Қонысбек Кәрімұлы бұл қызметке дейін 20 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының аға жаттықтырушысы болған. Бас бапкер ретіндегі алғашқы халықаралық жарысы – 17–20 шілде күндері Будапештте өтетін рейтингтік турнир болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Янв - 17:15 Күрес
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Түркиядағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
09 Янв - 20:20 Күрес
Антальядағы халықаралық турнирде қазақстандық балуандар жүлдемен бастады
14 Дек - 15:06 Күрес
Ризабек Айтмұхан PWL турнирінде Магомедхан Магомедовке жол берді
06 Дек - 13:10 Күрес
Қазақстан күрес федерациясының жаңа президенті сайланды
02 Дек - 16:03 Күрес
Әлішер Ерғали өзіне жаңа күрес түрінен финалға шықты
30 Ноя - 17:03 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабидегі Grand Slam турнирін бір жүлдемен аяқтады
28 Ноя - 18:34 Күрес
Абиба Әбужақынова Абу-Дабиде өткен Grand Slam турнирінде қола медаль иеленді
27 Ноя - 18:08 Күрес
Дзюдодан Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде ел намысын кімдер қорғайды
13 Ноя - 15:33 Күрес
Қазақстандық дзюдошылар Абу-Дабиде өтетін Grand Slam турнирінде бақ сынайды
09 Ноя - 18:33 Күрес
Дзюдо: Назгүл Маратова Ислам ынтымақтастығы ойындарының қола жүлдегері атанды