Головкин соңғы жекпе-жегін Андре Уордқа қарсы өткізуі мүмкін

Геннадий Головкин

Геннадий Головкин. Фото: Getty Images

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) мансабындағы соңғы жекпе-жегін америкалық Андре Уордпен (32-0, 16 КО) өткізуі ықтимал, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Афина-2004 Олимпиадасының чемпионы және бұрынғы WBA, WBC, The Ring белбеулерінің иегері жуырда рингке қайта оралатынын мәлімдеді.

Sports Illustrated журналы Уордқа лайық үш қарсылас атады, олардың алғашқысы – Қарағанды тумасы Головкин. Басылымның еске салуынша, 2015 жылы екі боксшы арасында келіссөздер жүргенімен, Геннадийдің командасы ол ұсыныстан бас тартқан, себебі оның Давид Лемьемен біріктіру жекпе-жегі жоспарланған еді.

Авторлардың пайымынша, 2022 жылдан бері шаршы алаңға шықпаған 43 жастағы Головкин мансабын Сауль Альвареспен трилогиядағы жеңілістен кейін емес, жеңіспен аяқтағысы келуі мүмкін. Уордпен кездесу Майк Тайсон мен Рой Джонстың жекпе-жегіне ұқсас болар еді. Сондай-ақ ықтимал қарсыластар қатарында Тони Белью мен блогер Джейк Пол да аталды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 13:22 Бокс
Өзбекстанның этникалық қазағы енді Қазақстан намысын қорғайды
28 Янв - 20:05 Бокс
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді