Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 жолдамасына бір табан жақындай түсті

Сборная Казахстана по футзалу

Сборная Казахстана по футзалу. Фого: FIFA via Getty Images

Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 турниріне іріктеу кезеңіндегі ойындарын аяқтады. Қазір құрама плей-оффқа тікелей шыққан жоқ, бірақ қарсыластардың нәтижелері отандық команданың мүмкіндігін айтарлықтай арттырып отыр. Енді бәрін 15 сәуір күні өтетін соңғы турдың нәтижелері шешеді.

Қазіргі жүйе бойынша, әр топтың жеңімпаздары Еуроға тікелей жолдама алады, ал екінші орын алғандар арасынан үздік көрсеткіш иесі де автоматты түрде финалдық кезеңге өтеді. Қалған 7 команда плей-офф арқылы жолдама сарапқа салады. Қазақстан өз тобында екінші орын алып, 10 ұпаймен «екінші орын алғандар» рейтингінде әзірге 4-орында тұр.

Енді қарсыластардың жағдайына тоқталайық. Грекия Хорватиядан 0:6 есебімен ойсырай жеңіліп, өз жағдайын қиындатып алды. Олардың келесі қарсыласы – Швеция. Бірақ шведтерді 8 доп айырмасымен ұту керек – бұл өте қиын міндет.

Венгрия Черногорияны жеңді, бірақ келесі ойынын топ көшбасшысы Словенияға қарсы өткізеді. Егер ұтылса, 9 ұпаймен қалады. Ал тең ойнаса да, доп айырмасы Қазақстаннан төмен болып қалуы мүмкін.

Румыния Германиядан 1:2 есебімен ұтылып, шешуші ойында Украинамен кездеседі. Бұл ойын да румындарға оңайға соқпайды. Сол секілді Словакия да Молдоваға 3:5 болып есе жіберіп, соңғы турда Польшаға қарсы шығуға мәжбүр.

Бельгия – басты қауіп. Олар соңғы матчта Австриямен кездеседі. Австрия бұған дейін барлық ойында жеңіліп келген, сондықтан бельгиялықтардың ұпай алу мүмкіндігі жоғары. Тіпті тең нәтиже де оларға Қазақстаннан озуға жеткілікті.

Бәрі 15 сәуірде белгілі болады. Қазақстан әзірге үздік жетілік ішінде және бәрі дұрыс болса, күзде өтетін плей-оффқа жолдама алады. Бұл – үлкен мүмкіндік. Бір қарағанда, бәрі өз қолымызда болмаса да, бәсекелестердің осал ойыны Қазақстан құрамасының үмітін қайта жақты. Енді бізге сәл ғана сабыр мен сәттілік қажет!

 

 

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру