Футзал мен жағажай футболы Олимпиада бағдарламасына енуі мүмкін

Футзал

Футзал. Фото: FIFA via Getty Images

FIFA президенті Джанни Инфантино 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Олимпиада ойындарына футзал мен жағажай футболы қосылуы мүмкін екенін хабарлады. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Футзал мен жағажай футболын Олимпиада бағдарламасына қосу бағытында нәтижелі жұмыс жүргізіп жатқан Халықаралық Олимпиада комитетіне алғысымызды білдіреміз. Бұл өзгеріс 2028 жылғы Олимпиаданы тың форматта өткізуге жол ашады деп сенемін. Біз серіктестерімізбен бірлесіп жұмысты жалғастыра береміз», – деді Инфантино.

Егер бұл ұсыныс қабылданса, футболдың балама форматтары да Олимпиада аренасына шығып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашпақ.

Сондай-ақ, ХОК атқару комитеті әйелдер арасындағы негізгі футбол турниріндегі құрама саны 12-ден 16-ға дейін көбейетінін растады. Бұл әйелдер футболына деген әлемдік деңгейдегі қызығушылықтың артқанын білдіреді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Дек - 15:42 Футбол
Кенжебек қайда барады? «Локомотив» пен «Ахмат» қазақстандық жұлдыз үшін тартыс бастады
06 Дек - 09:00 Футбол
«Қайрат» пен «Семейдің» ширек финалдағы қарсыластары белгілі болды
06 Дек - 00:20 Футбол
ӘЧ-2026 додасының финалдық кезеңіне арналған топтар белгілі болды
05 Дек - 21:50 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасының ширек финалына жолдама алды
05 Дек - 14:10 Футбол
«Қайсардың» қаржылық проблемасын кім шешеді
04 Дек - 20:40 Футбол
«Елімайда» жаңа инвестер келеді: ол кім?
03 Дек - 12:34 Футбол
Дастан Сатпаев үздік шабуылшылардың әлемдік ТОП-10 қатарына енді
03 Дек - 10:11 Футбол
Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының тұрақты бас бапкері болып бекітілмек
02 Дек - 17:49 Футбол
Мбаппе бір жылда 53 гол соғып, «Реал» тарихындағы екінші футболшы атанды
01 Дек - 16:19 Футбол
«Ақтөбе» клубы жекеменшікке өтеді: жаңа инвестор команданың бюджетін ұлғайтуды жоспарлап отыр