Ертуған Зейнұллинов Астанадағы турнирді сәтті бастады

1751474310

Астанада өтіп жатқан бокстан Әлем кубогының кезеңінде қазақстандық Ертуған Зейнұллинов алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр. Бастапқы кездесуде түрік боксшысы Ахмет Пекельмен қолғап түйістірген Ертуған алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Ал екінші және үшінші раундтарда қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді.

Осылайша, Зейнұллинов төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды. Алда – жартылай финалға шығу үшін маңызды айқас күтіп тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру