Ермахан Орынтаев АҚШ-тағы LFA лигасында дебют жасайды

Ермахан Орынтаев

Фото: Naiza

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Ермахан Орынтаев (5-0) алғаш рет АҚШ-тағы LFA лигасында жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның дебюттік айқасы 14 қараша күні АҚШ-тың Массачусетс штатында өтеді. Қарсыласы — тәжірибелі америкалық файтер Адриан Гарсия (9-3-1). Бұл кездесу Орынтаевтың LFA ұйымымен жасаған алғашқы келісімшарты аясындағы жекпе-жегі болмақ.

Бұған дейін Ермахан барлық кәсіби айқастарын Қазақстандағы NAIZA промоушенінде өткізіп, бес жеңіс сериясын көрсетті. Оның төртеуі қарсыластарын мерзімінен бұрын тоқтатумен аяқталған. Енді ол АҚШ аренасында дебют жасап, өз есімін халықаралық деңгейде танытуды мақсат етеді.

LFA ұйымы әлемге әйгілі UFC-ге жол ашатын басты лига саналады. Сондықтан бұл айқас Ермахан Орынтаев үшін мансабындағы жаңа кезеңнің бастауы болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Фев - 16:06 ММА
Артем Резников ACA 200 турниріндегі жеңілістен кейін мәлімдеме жасады
08 Фев - 11:34 ММА
Николай Веретенников UFC Fight Night 266 турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті
08 Фев - 08:39 ММА
Азат Мақсұм мен Рамазонбек Темиров Ташкенттегі турнирде тең түсті
05 Фев - 16:45 ММА
Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюті алдында допинг-бақылаудан өтті
04 Фев - 11:12 ММА
UFC Fight Night 268: Морено Асу Алмабаевтың орнына Каванамен кездеседі
03 Фев - 08:57 ММА
Асу Алмабаев UFC Mexico турнирінің басты жекпе-жегінен жарақатына байланысты шығып қалды
01 Фев - 18:25 ММА
Дастан Амангелді «Oktagon» промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегін жеңіспен бастады
01 Фев - 14:01 ММА
Шавкат Рахмонов операциядан кейін үзіліс алатынын мәлімдеді
01 Фев - 10:12 ММА
Шавкат Рахмонов тізесіне операция жасатып, шамамен бір жылға қатардан шықты
29 Янв - 18:35 ММА
Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі мамыр немесе маусым айларына жоспарлануы мүмкін