Ерекешева Қазақстанға көркем гимнастикадан тарихи медальді жеңіп алды

Акмарал Ерекешева

Фото: НОК РК

Болгария астанасы Софияда көркем гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының финалдық кезеңі басталды, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Қазақстандық Акмарал Ерекешева үш финалға жолдама алып, екеуінде жүлдегер атанды.

Мячпен орындалған жаттығуда Ерекешева қарсылас шақ келтірмей, 26.150 ұпаймен чемпион атанды. Ал обручпен өнер көрсетуде 26.950 ұпай жинап, күміс жүлдені еншіледі.

Айта кетерлігі, бұл – Қазақстан тарихында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіп алынған алғашқы алтын медаль.

22 маусым күні Ерекешева тағы бір финал қатысады. Сондай-ақ Айғаным Рысбек булавамен өнер көрсетеді.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру