Эр-Риядта VI Ислам ынтымақтастығы ойындары ресми түрде ашылды

VI Игры исламской солидарности

Фото: НОК РК

7 қарашада Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында VI Ислам ынтымақтастығы ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шара “Аль-Джандрия” ипподромында ұйымдастырылды. Мұнда Сауд Арабиясына тән дәстүрлі нақыштар заманауи жарық шоуымен, 3D-көрініспен, дрондар қойылымымен және өнерпаздар мен фольклорлық топтардың әсерлі өнерімен үйлесім тапты.

1762542143

1762542386Эр-Риядтағы ойындар “One Nation” (“Бір ұлт”) ұранымен өтуде. Бұл ұран ислам әлеміндегі елдердің бірлігі мен өзара түсіністігін білдіреді. Аталған идея ашылу рәсімінің мәдени бағдарламасында да айқын көрініс тапты.

1762542162

Салтанатты шараның негізгі бөлігі ретінде дәстүрлі спортшылар шеруі өтті. Онда Исламиада-2025 турниріне қатысушы 57 елдің өкілдері сап түзеді. Қазақстан құрамасының ту ұстаушылары ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы мен дзюдошы Аруна Джангельдина болды.

1762542206

1762542236Айта кетейік, Эр-Риядтағы Ислам ынтымақтастығы ойындары 21 қарашаға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасының атынан 100-ден астам спортшы қатысып, жарыс бағдарламасына енген 23 спорт түрінің ішінен 15-інде бақ сынайды.

1762542262

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Апр - 08:58 Басқа
Шайдоров маусымның үздік мәнерлеп сырғанаушысы атағына үміткер атанды
30 Мар - 12:45 Басқа
Қазақстан гимнасттары Софиядағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті
27 Мар - 19:16 Басқа
Қазақстан құрамасы Париждегі Әлем кубогы кезеңінде алғашқы медалін жеңіп алды
27 Мар - 11:45 Басқа
Қазақстан құрамасы Азия кубогында тағы үш медаль жеңіп алды
22 Мар - 11:46 Басқа
Ерекешева Афинадағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
18 Мар - 10:55 Басқа
Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
15 Мар - 18:28 Басқа
Қазақстан Паралимпиада-2026 ойындарын 18-орында аяқтады
15 Мар - 08:14 Басқа
Гимнаст Зейнолла Ыдырысов Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
13 Мар - 17:16 Басқа
Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанды
13 Мар - 13:11 Басқа
Урманов Шайдоровпен жұмысы және Мишин мектебінің ықпалы туралы айтты