Елшат Нығметолла Қытайда WBA Asia белбеуін қорғады

Ельшат Ныгметолла

Ельшат Ныгметолла. Фото: LightRocket

«Қазақ жауынгері» лақап атымен танылған қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла (22-0-2, 8 КО) Қытайдың Сучжоу қаласында өткен бокс кешінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Легчай салмақтағы WBA Asia чемпиондық белбеуін қорғаған Нығметолла индонезиялық Тибо Монабесамен (22-3-2, 8 КО) кездесіп, техникалық нокаутпен басым түсті. Бұл – оның кәсіпқой мансабындағы 22-ші жеңісі. Қарсыласы үшінші рет жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, Нығметолла 2025 жылы үшінші рет рингке шықты. Ақпанда индонезиялық Фласидус Нуноны (10-2-2, 8 КО) нокаутқа жіберсе, мамырдағы жекпе-жекте намибиялық Филлемон Нгутенаньемен (13-1-2, 5 КО) тең түскен еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру