Элина Базарова әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде жеңіліп қалды

Бүгін Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстан құрамасынан алғаш болып Элина Базарова шаршы алаңға шықты. Ол 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Нигина Уктамовамен кездесіп, қарсыласына жол берді.

Бүгін сондай-ақ 90 келіге дейінгі салмақта Сағындық Тоғамбай да алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру