Елеусінов пен Дычко Лас-Вегаста өтетін басты бокс кешіне қатысуы мүмкін

Иван Дычко

Фото: Heavyweight Boxing

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Данияр Елеусінов пен Иван Дычко жылдың ең ірі турнирлерінің бірінде — Канело мен Кроуфордтың жекпе-жек кешінде шаршы алаңға шығуы ықтимал, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Промоутер Зия Алиевтің айтуынша, қос боксшы да АҚШ-та жаңа жаттықтырушылармен бірге Питтсбургте дайындық жүргізіп жатыр. Екеуі де шілде айында бір-бір кездесу өткізуді жоспарлап отыр. «Данияр қыркүйекте Канело – Кроуфорд кешінде өнер көрсетеді деп күтілуде. Қазір сол бағытта жұмыс жүріп жатыр. Ол жаңа лагерьде жаттығып жатыр, физикалық жағдайы тамаша. Иван да шілдеде жекпе-жек өткізеді, оның да қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегі бар», – деді Алиев.

Айта кетейік, Сауль «Канело» Альварес пен Теренс Кроуфорд арасындағы басты кездесу 14 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. Бұл бокс кеші соңғы жылдардағы ең көп күтілетін турнирлердің бірі болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 13:22 Бокс
Өзбекстанның этникалық қазағы енді Қазақстан намысын қорғайды
28 Янв - 20:05 Бокс
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді