Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі екінші орнын сақтап қалды

images 1 3

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған әлемдік рейтингті жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жекелей сындағы әлемдік рейтингте 8056 ұпаймен екінші орнын сақтап қалды. Көш басында 8550 ұпайы бар Беларусь теннисшісі Арина Соболенко тұр. Үздік үштікті 6300 ұпаймен америкалық Джессика Пегула түйіндейді. Қазақстандық басқа теннисшілердің қатарында Юлия Путинцева 78-орында, Жібек Құламбаева 486-орында, Аружан Сағандықова 618-орында, Соня Жиенбаева 734-орында, ал Асылжан Арыстанбекова 936-сатыда орналасқан.

Жұптық сында қазақстандық Анна Данилина 6675 ұпаймен алтыншы орнын сақтап қалды. Оның сербиялық жұптасы Александра Крунич 6950 ұпаймен бесінші орында тұр. Рейтингте Чехия өкілі Катержина Синякова (10 150) көш бастап келеді. Екінші орында америкалық Тейлор Таунсенд (9300), ал үшінші орында канадалық Габриэла Дабровски (8805).

Қазақстандық өзге теннисшілер арасында Жібек Құламбаева жұптық рейтингте 115-орынға көтерілді. Инкар Дүйсебай 472-орынға, Асылжан Арыстанбекова 473-орынға, Аружан Сағандықова 633-орынға, Сандуғаш Кенжебаева 921-орынға көтерілді. Юлия Путинцева 342-орынға төмендесе, Соня Жиенбаева 521-орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
23 Окт - 08:26 Теннис
БАҚ Елена Рыбакина мен Катажина Каваның Нинбодағы матчы бойынша болжам жасады
22 Окт - 17:38 Теннис
Михаил Кукушкин Almaty Open турнирінде кәсіби мансабын аяқтады
21 Окт - 17:00 Теннис
Анна Данилина Нинбодағы WTA 500 турнирінің жұптық бәсекесін алғашқы айналымнан аяқтады
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
19 Окт - 12:05 Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды
13 Окт - 15:45 Теннис
Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті