Елена Рыбакина WTA рейтингінде екінші орнын сақтап қалды
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) Цинциннати қаласында өткен турнир аяқталғаннан кейін әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Рейтинг көшін 8575 ұпаймен Беларусь өкілі Арина Соболенко жалғастырып келеді. Қазақстандық Елена Рыбакина 8141 ұпаймен екінші орнын сақтап қалды. Одан кейін америкалық Джессика Пегула 7265 ұпаймен үшінші, Кори Гауфф 6704 ұпаймен төртінші орында тұр. Үздік бестікті 5443 ұпай жинаған ресейлік Мирра Андреева түйіндейді. Қазақстанның басқа теннисшілері арасында Юлия Путинцева 905 ұпаймен 80-орында орналасқан.
Соня Жиенбаева 166 ұпаймен 384-орында тұр. Жібек Құламбаева 122 ұпаймен 472-сатыға жайғасса, Аружан Сағандықова 68 ұпаймен 652-орында келеді. Ал Асылжан Арыстанбекова 57 ұпаймен 713-орынды иеленді. Осылайша, Елена Рыбакина Қазақстанның әлемдік рейтингтегі ең жоғары позициядағы теннисшісі болып қала берді.
Жұптық рейтингте чехиялық Катержина Синякова 10 760 ұпаймен бірінші орында келеді. Алғашқы алтылыққа америкалық Тейлор Таунсенд 8845 ұпаймен, канадалық Габриэла Дабровски 7925 ұпаймен, бразилиялық Луиза Стефани 7445 ұпаймен және сербиялық Александра Крунич 6895 ұпаймен енді. Қазақстандық Анна Данилина 6720 ұпай жинап, жұптық рейтингте алтыншы орында тұр.


