Елена Рыбакина Страсбургтегі турнирде топ жарды

Елена Рыбакина. Фото: Пресс-служба ФТК
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 12-орын) Страсбургтегі WTA 500 турнирінде топ жарды. Финалда ол ресейлік Людмила Самсонованы (19-орын) үш сетте жеңіп шықты — 6:1, 6:7 (2:7), 6:1. Матч 2 сағат 16 минутқа созылды.
Бұл жеңіс Еленаға WTA рейтингінде 500 ұпай мен 142 610 еуро сыйақы алып келді. Турнирлік бұл трофей – оның жекелей сындардағы тоғызыншы жеңісі.
Айта кетейік, Рыбакина соңғы рет 2024 жылдың сәуірінде чемпион атанған еді.