Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі келесі жекпе-жегі жазда өтуі мүмкін

Дияр Нургожай

Дияр Нургожай. Фото: Zuffa LLC

UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай дебюттік жеңілістен кейін октагонға қашан оралатынын айтты.

«Қайта оралу жайында әлі нақты шешім жоқ. Саятпен байланыстамыз, ол өз жұмысын істеп жатыр. Шілде немесе тамызда болуы мүмкін, бірақ қазір бәрі UFC матчмейкерлері мен Саятқа байланысты», – деді Нұрғожай YouTube-арнасындағы «Sarbaz Podcast» жобасында.

Еске сала кетейік, Дияр Нұрғожай 16 наурыз күні өткен UFC Apex турнирінде бразилиялық Брендсон Рибейродан жеңіліп қалған болатын. Бұл оның промоушендегі алғашқы жекпе-жегі еді.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру