Дастан Амангелді чемпиондық атағын сәтті қорғады

Дастан Амангельды

Фото: NAIZA

Семей қаласындағы «Абай Аренада» өткен Naiza FC 74 турнирінде жеңіл салмақтағы белдік сарапқа салынды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл кештің тең басты жекпе-жегінде Дастан Амангельды мен промоушенге жаңадан қосылған Хусанбой Исоходжаев күш сынасты. Амангельды осыған дейінгі кәсіби мансабын толығымен NFC ұйымы аясында өткізіп, 8 жеңіс және 1 жеңіліспен келген.

Ол 2023 жылдың ақпанында алғаш рет жеңіліп, содан кейін қатарынан үш рет қарсыластарынан басым түсті. 2024 жылдың қарашасында Вячеслав Свищевке қарсы өткен соңғы жекпе-жекте де жеңіс тойын тойлап, чемпиондық атағын қорғап қалған болатын.

Бұл жолы да белдік сол иесінде қалды. Исоходжаевпен болған кездесуде Дастан екінші раундта тұншықтыру әдісін қолданып, айқын жеңіске жетті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 15:15 ММА
Диас Өтеген ONE Championship лигасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
17 Янв - 10:32 ММА
Николай Веретенников UFC Vegas 113 турнирінде октагонға қайта оралады
14 Янв - 10:33 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының үздік үш жауынгерінің қатарына енді
13 Янв - 12:23 ММА
Еркебұлан Тоқтар OCTAGON лигасында Шахзод Узоковпен жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасасты
12 Янв - 16:37 ММА
Хамзат Чимаев Алекс Перейраны жекпе-жекке шақырды
09 Янв - 21:27 ММА
Еркебұлан Тоқтар Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізуді мақсат етті
07 Янв - 09:08 ММА
Конор Макгрегор Флойд Мейвезермен ММА ережесі бойынша жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді
06 Янв - 11:11 ММА
Камил Гаджиев Жалғас Жұмағұловтың Fight Nights Гран-приіне қатысуы мүмкін екенін айтты
04 Янв - 10:00 ММА
Джон Аник UFC-дің Ақ үйде өтетін дебюттік турнирінің ықтимал қатысушыларын атады
03 Янв - 10:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов Oktagon лигасының P4P рейтингінде үздік төрттікке енді