Даррен Диц Минскіде 195 миллион теңге айлық алады

Даррен Диц

Даррен Диц. Фото: LightRocket via Getty Images

«Барыс» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Даррен Диц енді Минск қаласының «Динамо» клубында ойнайды. «Трансферы КХЛ» Telegram-арнасының хабарлауынша, оның бір жылғы жалақысы 30 миллион рубль – шамамен 195 миллион теңге.

Өткен маусымда 31 жастағы хоккейші маусымды «Авангардта» бастап, «Автомобилисте» аяқтады. Екі клуб сапында жалпы 49 матч өткізіп, 12 ұпай (1 гол, 11 пас) жинаған.

Даррен Канадада туғанымен, кейін Қазақстан азаматтығын алып, ұлттық құрамада ойнады. Ол Инкар есімді қазақ қызына үйленген, екеуі екі бала тәрбиелеп отыр.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру