Dar Team Шавкат пен Махачевтің титулды жекпе-жегін меңзеді

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық Шавкат Рахмоновтың командасы Dar Team Instagram парақшасында Шавкат пен Ислам Махачевтің титулды жекпе-жегі жайлы болжамды жария етті.

Команда арнайы графикалық коллаж жасап, екеуінің көзқарас дуэлін салып, астына:

«Мұндай титулды айқасты алдағы уақытта көріп қалуымыз әбден мүмкін» деп жазған.

Еске сала кетейік, Ислам Махачев жуырда жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атағынан бас тартып, жартылай орта салмаққа ауысқан еді. Оның келесі жылы осы салмақтың чемпионы австралиялық Джек Делла Маддаленаға қарсы шығуы күтіледі. Ал Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта дивизион рейтингінде үшінші орында тұр және тізе жарақатынан кейін қалпына келіп жатыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
11 Дек - 20:42 ММА
Алмабаев пен Морено: қазақстандық үшін мансабындағы ең үлкен сынақ
11 Дек - 14:47 ММА
Чемпионның оралуы: Құдайбергенов жойқын қарсылақты тоқтата ала ма?
09 Дек - 19:54 ММА
ESPN 30 жасқа дейінгі үздік ММА спортшыларын атады: тізімнің көшін Топурия бастады
07 Дек - 13:39 ММА
UFC-дегі тарихи қадам: Әліби Ыдырыс алғашқы жекпе-жекте жойқын қарсыласпен кездеседі
06 Дек - 16:47 ММА
Конор Макгрегор UFC-дегі үшінші чемпиондық атаққа қол жеткізуді мақсат етіп отырғанын мәлімдеді
04 Дек - 15:51 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin турнирінде жылды қорытындылайды
04 Дек - 12:05 ММА
Алмахан Дубайдағы жекпе-жектен кейін рейтингте төмендеді
02 Дек - 09:18 ММА
Қуат Хамитов Зубайра Тухуговпен бокс жекпе-жегін ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасады
30 Ноя - 11:44 ММА
Балғын Жеңісұлы Нұрбек Қабдрахмановтан есе қайтарып, Naiza FC лигасының жаңа чемпионы атанды
26 Ноя - 16:43 ММА
Жұман Жұмабеков NAIZA 78 турнирінде жекпе-жек өткізеді