Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді

Фото: yeleussinovdaniyar/Instagram
Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусіновтың менеджері Зия Алиев спортшының Zuffa Boxing лигасындағы келесі айқасының күнін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жекпе-жек 5 сәуірге жоспарланған.
Менеджердің айтуынша, кездесу күні бекітілген, қарсылас анықталған және келісімшартқа қол қойылған. Дегенмен, лига тарапынан ресми хабарлама жасалғанға дейін қарсыластың есімі жарияланбайды.
Елеусінов соңғы рет өткен жылдың шілде айында Филадельфия қаласында рингке шығып, филиппиндік Джеймс Бейконды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Бұл қазақстандық боксшы үшін бес жыл үзілістен кейінгі АҚШ-тағы алғашқы жекпе-жек болды.
Оған дейін Данияр 2020 жылдың қараша айында АҚШ-та намибиялық Джулиус Индонгоны нокаутқа жіберген. Қазіргі таңда оның кәсіби рекорды 13 жеңіс және бірде-бір жеңіліссіз болып тұр.


