Дамир Исмағұлов Karate Combat лигасында нокаутпен жеңіске жетті

Дамир Исмагулов

Дамир Исмагулов. Фото: Zuffa LLC

Қазақстандық файтер Дамир Исмағұлов Karate Combat ұйымындағы алғашқы жекпе-жегін айқын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Майами (АҚШ) қаласында өткен Karate Combat 57 турнирінде ол америкалық Тайлер Хиллмен кездесіп, бірінші раундта нокаутпен жеңді.

Жекпе-жек небәрі екі минутқа созылды. Исмағұлов қарсыласына бірнеше дәл соққы жасап, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Бұл оның UFC-дегі мансабынан кейінгі алғашқы ресми айқасы болды. Karate Combat ұйымының ресми парақшаларында жекпе-жектің нокаут сәті жарияланды.

ММА-де Исмағұловтың рекорды — 27 жеңіс және 3 жеңіліс. Ол 2018–2023 жылдар аралығында UFC-де өнер көрсетіп, жеті кездесу өткізіп, олардың бесеуінде жеңіске жеткен. Келісімшарт мерзімі аяқталған соң, спортшы жаңа кезең бастап, Karate Combat ұйымына ауысқан болатын.

Karate Combat — 2018 жылы Дубайда құрылған халықаралық кәсіби лига. Онда жекпе-жектер толықконтактті каратэ ережелерімен өтеді: қол және аяқ соққыларына рұқсат берілген, бірақ күрес элементтері, тұншықтыру және шынтақпен соғу әрекеттері қолданылмайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Фев - 11:12 ММА
UFC Fight Night 268: Морено Асу Алмабаевтың орнына Каванамен кездеседі
03 Фев - 08:57 ММА
Асу Алмабаев UFC Mexico турнирінің басты жекпе-жегінен жарақатына байланысты шығып қалды
01 Фев - 18:25 ММА
Дастан Амангелді «Oktagon» промоушеніндегі дебюттік жекпе-жегін жеңіспен бастады
01 Фев - 14:01 ММА
Шавкат Рахмонов операциядан кейін үзіліс алатынын мәлімдеді
01 Фев - 10:12 ММА
Шавкат Рахмонов тізесіне операция жасатып, шамамен бір жылға қатардан шықты
29 Янв - 18:35 ММА
Ислам Махачевтің келесі жекпе-жегі мамыр немесе маусым айларына жоспарлануы мүмкін
28 Янв - 14:46 ММА
Жалғас Жұмағұлов Шавкат Рахмоновтың октагонға оралу уақыты туралы пікір білдірді
27 Янв - 08:15 ММА
Mangu MMA лигасында Азат Мақсұм мен Рамазан Темиров титул үшін кездеседі
23 Янв - 14:07 ММА
Қаршыға Дәуітбек Rizin 52 турнирінде Жапонияда жекпе-жек өткізеді
22 Янв - 21:00 ММА
Жалғас Жұмағұлов UFC-ке қайта оралу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатыр