Чемпиондар лигасының жаңа маусымы сейсенбіде басталады: Матчтар күнтізбесі

Лига чемпионов

Лига чемпионов

16 қыркүйекте УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымының топтық кезеңі шымылдығын түрмек. Еуропаның ең беделді клубтық додасының алғашқы ойындары өтеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

1-турдың сейсенбіге арналған кестесі:
21:45 — «Атлетик» Бильбао – «Арсенал»
21:45 — «ПСВ» Эйндховен – «Юнион» Сент-Жилуаз
00:00 — «Тоттенхэм» – «Вильярреал»
00:00 — «Ювентус» – «Боруссия» Дортмунд
00:00 — «Бенфика» – «Қарабах»
00:00 — «Реал» Мадрид – «Марсель»

Ал қазақстандық «Қайрат» алғашқы кездесуін Лиссабонда «Спортингке» қарсы өткізеді. Ойын 18-інен 19 қыркүйекке қараған түні, сағат 00:00-де басталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру