«Бұл әлі бастамасы ғана» – Алмахан жеңістен кейін сес көрсетті

Бекзат Алмахан

Бекзат Алмахан. Фото: Alamy Live News

UFC-дегі қазақстандық жеңіл салмақ өкілі Бекзат Алмахан (12-2) Монреальде өткен UFC 315 турниріндегі жеңістен кейін алдағы жоспарын бөлісті. Ол 11 мамыр күні кештің ашылу жекпе-жегінде канадалық Брэд Катонуды (14–5) небәрі 64 секундта техникалық нокаутпен жеңіп шыққан еді.

Алмахан бұл жеңісті мансабындағы жаңа кезеңнің бастауы деп есептейді.

«Сендер әлі ештеңе көрген жоқсыңдар. Бұл – тек бастамасы. Мен әлі жаспын. Өсуге, жетілуге уақыт бар. Құдай біледі, мен бұл дивизион үшін шын қауіпке айналамын. Бәрі менен қорқатын болады», – деді ол Cagesidepress порталына берген сұхбатында.

Бекзат енді UFC-дің үздіктер қатарына қосылуды көздеп отыр. Ол бұл жолда ешкімге жол бермей, алға ұмтылатынын нақты жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру