Бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатының кестесі жарияланды

Нурбек Оралбай

Фото: Sportsfile

Англияның Ливерпуль қаласында өтетін бокстан әлем чемпионатының толық ойын күнтізбесі белгілі болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

4 пен 10 қыркүйек аралығында алдын ала кездесулер өтеді. Күн сайын күндізгі және кешкі сессияларда түрлі салмақ дәрежелеріндегі ерлер мен әйелдер сынға түседі. Жартылай финал 12-13 қыркүйекте ұйымдастырылса, шешуші финалдық жекпе-жектер 14 қыркүйекте өтеді.

Алдын ала жекпе-жектер:

4 қыркүйек
15:00: әйелдер 48, 51, 75 кг | ерлер 55, 65, 70 кг
22:00: әйелдер 54, 70 кг | ерлер 60, 80, 90 кг

5 қыркүйек
15:00: әйелдер 57, 65 кг | ерлер 75, 85 кг
22:00: әйелдер 57 кг | ерлер 50, 90+ кг

6 қыркүйек
15:00: әйелдер 51, 75 кг | ерлер 70 кг
22:00: әйелдер 60, 75, 80+ кг | ерлер 60 кг

7 қыркүйек
15:00: ерлер 55, 80 кг
22:00: әйелдер 57, 70 кг | ерлер 65 кг

8 қыркүйек
16:00: әйелдер 54, 80 кг | ерлер 70 кг, 90 кг
22:00: әйелдер 65 кг | ерлер 60, 75, 90+ кг

9 қыркүйек
16:00: әйелдер 51, 60 кг | ерлер 55, 80 кг
22:00: әйелдер 48, 70 кг | ерлер 50, 65, 85 кг

10 қыркүйек
16:00: әйелдер 54, 60, 75, 80+ кг | ерлер 55, 70, 80, 90 кг
22:00: әйелдер 51, 57, 65, 80 кг | ерлер 60, 65, 75, 90+ кг

Жартылай финал мен финал:

12 қыркүйек, жартылай финал
16:00: әйелдер 48, 60 кг | ерлер 50, 85 кг
22:00: әйелдер 57, 65, 80+ кг | ерлер 60, 75, 90, 90+ кг

13 қыркүйек, жартылай финал
16:00: әйелдер 48, 54, 75 кг | ерлер 50, 55, 65, 80 кг

13 қыркүйек, жартылай финал және финал
22:00: әйелдер 51, 57, 70, 80, 80+ кг | ерлер 70, 75, 85 кг

14 қыркүйек, финал
16:00: әйелдер 48, 54, 60, 75 кг | ерлер 50, 55, 65, 80, 90 кг
22:00: әйелдер 51, 65, 70, 80 кг | ерлер 60, 70, 85, 90+ кг

Айта кетейік, World Boxing ұйымы өткізген тарихтағы алғашқы әлем чемпионатына Қазақстаннан 20 боксшы мен боксшы қыз қатысады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 13:22 Бокс
Өзбекстанның этникалық қазағы енді Қазақстан намысын қорғайды
28 Янв - 20:05 Бокс
Қамшыбек Қоңқабаев кәсіби боксқа қайта оралуы мүмкін
24 Янв - 12:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та өткен жекпе-жекте кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
23 Янв - 08:33 Бокс
Айдос Медет АҚШ-та кәсіби мансабын жалғастырады
20 Янв - 19:43 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының B сынамасы допингтің барын растады
20 Янв - 17:14 Бокс
Мейірім Нұрсұлтанов WBC рейтингінің көшін бастап тұр, алайда чемпиондық жекпе-жек әлі өтпеді
17 Янв - 18:01 Бокс
ESPN салмақ дәрежесіне қарамастан әлемдегі үздік боксшылар рейтингін жаңартты
13 Янв - 15:45 Бокс
Қазақстандық боксшы кәсіби спорттағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді
13 Янв - 13:22 Бокс
Райан Гарсия WBC чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді
13 Янв - 09:55 Бокс
Қайрат Сәтжановтың қызы әкесінің қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді