Бекзат Алмахан UFC-дегі жекпе-жегі алдында салмақ өлшеді

Бекзат Алмаханм

Бекзат Алмахан. Фото: bekzatalmahan/Instagram

Қазақстандық UFC жауынгері Бекзат Алмахан (11-2) Монреальда (Канада) өтетін UFC 315 турнирі алдындағы салмақ өлшеуден сәтті өтті. Спортшы 61,69 келі көрсетіп, дайын екенін дәлелдеді.

Алмахан жеңіл салмақта канадалық Брэд Катонамен (14-4) октагонға шығады. Айта кетейік, дәл осы жекпе-жек Монреальдағы турнирдің шымылдығын ашады.

Бұл Алмахан үшін UFC аясындағы екінші айқас болмақ. Ол алғашқы жекпе-жегінде ресейлік Умар Нурмагомедовты нокдаунға жібергенімен, төрешілер шешімімен жеңілген еді. Турнирдің басты оқиғасы – Белал Мұхаммед пен австралиялық Джек Делла Маддалена арасындағы титулдық айқас болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру