Бекхэм мен Невилл бірігіп бір клуб сатып алды

Дэвид Бекхэм

Дэвид Бекхэм. Фото: Getty Images

Дэвид Бекхэм мен Гари Невилл Англияның төртінші дивизионындағы «Солфорд Сити» клубын сатып алып, жаңа консорциум құрамына қосылды. Manchester Evening News ақпаратына сенсек, бұл топқа Consello консалтинг компаниясының негізін қалаушысы Деклан Келли мен Лондон теннис қауымдастығының төрағасы лорд Мервин Дэвис те кіреді. Сондай-ақ Dream Sports Group секілді Үндістанның ірі спорттық технологиялық компаниясы да инвесторлар қатарында.

Консорциум клубты дамытуға 15–20 миллион доллар (шамамен 11–15 миллион фунт) инвестиция құймақ. Қаражат спорттық және инфрақұрылымдық жобаларға жұмсалады. Басты мақсат — «Солфордты» алдағы бес жылда Чемпионшипке шығару.

Алайда жаңа иелер клубтың күнделікті жұмысын басқармайды. Бұл үшін жаңа бас директор тағайындалады. Соңғы жылдары клуб төрт мәрте жоғары лигаға көтерілгенімен, 2019 жылы EFL-ге шыққаннан бері Лига 2 плей-оффына жолдама ала алмай жүр.

«Интер Майамидің» де иесі болып саналатын Бекхэм «Солфордтың» өз өмірінде орны ерекше екенін айтып, енді оның дамуына үлес қосатынына қуанышты екенін жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
18 Окт - 15:05 Футбол
«ПСЖ» Ламин Ямальды алу үшін рекордтық сома ұсынбақ
18 Окт - 10:00 Футбол
«Астана» мен «Ақтөбе» ойынына барлық билет сатылып кетті
16 Окт - 08:28 Футбол
«Ақтөбенің» бас бапкері ҚПЛ-дың басқа клубына ауысуы мүмкін
15 Окт - 18:00 Футбол
Лионель Месси Майамиде халықаралық жасөспірімдер турнирін өткізеді
15 Окт - 13:31 Футбол
Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері Денис Мамонов қызметінен кетті
15 Окт - 12:55 Футбол
Дастан Сатпаев — The Guardian таңдаған әлемнің ең үздік жас футболшыларының қатарында
15 Окт - 11:32 Футбол
Қазақстан құрамасы ФИФА рейтингінде үш сатыға көтерілді
15 Окт - 08:49 Футбол
Карим Бензема Түркия чемпионатына ауысуы мүмкін
14 Окт - 21:27 Футбол
Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанмен өтетін жолдастық матчтарға шақырылған ойыншылар тізімі
14 Окт - 16:20 Футбол
Исламбек Қуат Македониямен өткен матчтан кейін құрамадан кетпек болған