«Барыс» ойыншыларының жалақысы белгілі болды

«Барыс»

«Барыс»

«СЭ» спорт порталы КХЛ ойыншыларының жалақысы туралы жаңартылған мәліметтерді жариялады. Лиганың 23 клубының жалпы жалақы қоры – 15,47 млрд рубль ($171,9 млн). Бұл маусым басында жоспарланған сомадан көбірек.

«Барыстағы» ең көп жалақы алатын легионерлер – Дамир Жафяров ($555,5 мың), Антон Бурдасов ($444,4 мың) және Виктор Антипин ($333,3 мың). Одан кейінгі орында Юхан Маттссон ($300 мың) мен Иван Николишин ($255,6 мың).

Қазақстандық хоккейшілер арасында ең жоғары жалақыны Кирилл Савицкий ($266,7 мың) алады. Роман Старченко ($233,4 мың), Кирилл Панюков ($222,3 мың), Максим Мухаметов ($155,6 мың) және Никита Бояркин ($133,3 мың) үздік бестікке енді.

«Барыс» КХЛ-дағы тұрақты клубтардың бірі. Дегенмен жалақы мәселесі жанкүйерлер арасында қызу талқыланып жатыр.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Янв - 21:50 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ матчында ЦСКА-ны өз алаңында жеңді
23 Дек - 22:10 Хоккей
«Барыс» ҚХЛ-дағы матчта «Тракторға» жол берді
08 Дек - 12:00 Хоккей
«Горняк» шабуылшысы Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан паспортын алды
28 Ноя - 12:02 Хоккей
Қазақстан жастар хоккей құрамасы әлем чемпионатына дайындықты жалғастыру үшін Словенияға жол тартады
23 Ноя - 15:32 Хоккей
Қазақстан хоккейшілері Жапонияны жеңіп, Азия чемпионы атағын сақтап қалды
18 Ноя - 09:12 Хоккей
Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасының бас бапкері болып тағайындалды
12 Ноя - 15:24 Хоккей
«Сарыарқа» командасының бұрынғы қақпашысы Альберт Коваль мансабын Түркияда жалғастырады
04 Ноя - 14:39 Хоккей
Шайбалы хоккейден Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды
17 Окт - 14:09 Хоккей
Өскеменде хоккейден әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді
18 Авг - 17:39 Хоккей
«Барыс» америкалық қорғаушыны қатарға қосты