«Барселона» бес футболшыға қатысты ұсыныстарды қарастыруға дайын

sport es nazval tryoh zaschitnikov za kotorymi sledit barselona 1786657717467079615

«Барселона» жазғы трансферлік терезе жабылғанға дейін бірден бес футболшымен қоштасуы мүмкін, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Журналист Хосе Альварестің мәліметінше, каталониялық клуб Френки де Йонг, Марк Касадо, Хектор Форт, Алехандро Бальде және Жюль Кунде бойынша түскен ұсыныстарды қарастыруға дайын. Бұған дейін де Йонгқа «Манчестер Сити» қызығушылық танытып, жартылай қорғаушыға қатысты ақпарат сұратқан. Ағылшын клубы трансферлік кезең аяқталғанға дейін нидерландтық ойыншыны құрамына қосуға әрекет жасауды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта де Йонг тізе жарақатынан кейін қалпына келу кезеңін өткізуде.

Касадоның жағдайы ерекше назар аударып отыр. «Барселонаның» түлегіне Сауд Арабиясының бірнеше клубы қызығушылық танытуда. Каталониялық команда футболшыны 30-40 миллион еуроға сатуды жоспарлап отыр. Ықтимал үміткерлердің қатарында «Әл-Хиляль» де бар. Хектор Фортқа дортмундтық «Боруссия» мен «Реал Сосьедад» қызығушылық танытып отыр. Баск клубы қорғаныстың оң қапталын күшейтуді көздегенімен, бұл бағытта неміс командасымен бәсекеге тап болды. Ал Алехандро Бальденің жағдайын «Манчестер Юнайтед» бақылауда ұстап отыр, алайда қорғаушы әзірге болашағына қатысты шешім қабылдаған жоқ.

«Барселонаның» бас бапкері Ханс-Дитер Флик те Бальде мен Кунденің командадан кету мүмкіндігін жоққа шығармады. Мамандының айтуынша, құрамға қатысты жағдай трансферлік терезе жабылғаннан кейін ғана толық анық болады. Ла Лиганың жаңа маусымындағы алғашқы матчта «Барселона» «Эльчени» 5:0 есебімен жеңді. Каталониялық клуб келесі кездесуін Бильбаоның «Атлетигіне» қарсы өткізеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Окт - 16:20 Футбол
Дастан Сәтбаев «Уотфордқа» қарсы матчтың болжамды бастапқы құрамына енбеді
09 Окт - 15:45 Футбол
Асқар Қожабергенов «Елімай» мен «Ақтөбе» арасындағы матчқа болжам жасады
09 Окт - 15:05 Футбол
«Челси» Френки де Йонгтың «Барселонадағы» жағдайын бақылап отыр
09 Окт - 14:29 Футбол
Қазақстан U-16 «Вильярреал» академиясымен тең түсті
09 Окт - 13:00 Футбол
«Тобол» қызметкері ҚФФ-ға түсініктеме беруге шақырылды
09 Окт - 10:20 Футбол
«Манчестер Юнайтед» «Фрайбург» шабуылшысы үшін күресте «Арсенал» мен «Челсиден» озып шықты
09 Окт - 10:02 Футбол
Дастан Сәтбаев «Уотфордқа» қарсы матчта алаңға оралуы мүмкін
08 Окт - 17:21 Футбол
«Қайрат» Жоржиньомен келісімшартты 2027 жылдың соңына дейін ұзартты
08 Окт - 15:05 Футбол
Криштиану Роналду Лионель Мессиге Аргентина құрамасындағы соңғы матчынан кейін үн қатты
08 Окт - 13:15 Футбол
Андрей Аршавин Лионель Мессиді футбол тарихындағы ең ұлы ойыншы деп атады