Бақыт Сәрсекбаевқа ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабына қосылу ұсынылды

Сборная Казахстана по боксу

Фото: Olympic.kz

Сидней-2000 Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов Қазақстанның 22 жасқа дейінгі боксшылар құрамасының бас бапкері Бақыт Сәрсекбаевпен болған әңгімесін баяндады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Қазір Бақыт Сәрсекбаев өте мықты маман. Шыны керек, алғаш жастар құрамасын басқарған кезде біраз түсініспеушіліктер болып, қызметінен кеткен еді. Бірақ қазір тәжірибесі артып, қайта оралды. Маған оның оқу-жаттығу жиындарын өткізу тәсілі, спортшылармен жұмысы ұнайды — бәрін үлкен жауапкершілікпен атқарады.

Онымен жеке сөйлестім де, былай дедім: „Бақыт, сен ұлттық құраманың сапына қосылуың керек“. Ол болса: „Онда бас бапкер бар ғой“, — деді. Мен: „Саған басты емес, аға бапкер болу керек. Егер құраманың Олимпиадада жүлде алғанын қаласаң, сол жерде жұмыс істеуің қажет“, — деп кеңес бердім», — деді Ыбрайымов.

Айта кетейік, Бақыт Сәрсекбаевтың жетекшілігімен Қазақстан құрамасы 2025 жылы Шри-Ланканың Коломбо қаласында өткен жастар арасындағы Азия чемпионатында 22 алтын медаль жеңіп алған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру