Бапкер Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайы туралы мәлімдеді

Фото: Getty Images
DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров тізесіне жасалған кезекті операциядан кейін ұзақ уақытқа қатардан шыққан қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның айтуынша, спортшы қазіргі уақытта толықтай оңалту үдерісіне назар аударып отыр.
Базровтың сөзінше, Шавкаттың физикалық және психологиялық жағдайы қалыпты. Алайда оған әзірге жаттығу процесіне қатысуға рұқсат берілмеген. Ол тек тізесін қалпына келтіруге бағытталған емдік процедуралар мен реабилитация шараларын жүргізуде.
Қаңтар айының соңында Рахмоновқа қосымша операция қажет болғаны белгілі болды. Соның салдарынан оның октагонға оралу мерзімі тағы шамамен 10 айға шегерілді. Қазіргі таңда оның үзілісі бір жыл екі айды құрайды, ал ықтимал оралу сәтінде бұл мерзім екі жылға жуықтауы мүмкін.
Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың желтоқсан айында өткізіп, Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген еді. Қазіргі уақытта қазақстандық спортшы UFC рейтингінен уақытша шығарылған.
«Арыс» футбол клубына жаңа бас демеуші келді
Әліби Ыдырыс UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді
