Балауса Муздиман алғаш рет әлем чемпионы атанды

Балауса Муздиман

Балауса Муздиман. Фото: muzdi___

5 қыркүйекте Алматыда Universal Boxing Organization (UBO) тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынған жекпе-жек өтті. Қазақстандық боксшы Балауса Муздиман (8-0, 6 КО) бұл бәсекеде сенімді жеңіске жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның қарсыласы — Үндістаннан келген Мамта Сингх (8-2-1, 5 КО) болды. Екінші жеңіл салмақта өткен айқас төртінші раундта аяқталды, Балауса қарсыласын нокаутқа жіберіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.

Бұл жеңіс Муздиманның кәсіби рингтегі тоғызыншы жеңісі болып қана қоймай, оған алғаш рет UBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сыйлады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру